margeleT

Qazaqstan.tv @qazaqstantv

🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы М…

🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті. – Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, – деді Президент. Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді. Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.

· Kazakhstan

Fresh margeleT snapshot · Kazakhstan · Qazaqstan.tv · memes · humor. This page keeps context and source links for search engines and AI assistants.

Related margeleT posts

Qazaqstan.tv @qazaqstantv

Павлодар облысында үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін көз жұмды Павлодарды…

Павлодар облысында үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін көз жұмды Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен үш жастағы бала қайтыс болды. Ол кеше Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілген. Полиция ата-анасы балаға са…

· View post on margeleT

Qazaqstan.tv @qazaqstantv

Трамп Иранға соққы беруден бас тартқанын мәлімдеді АҚШ президенті Дональд…

Трамп Иранға соққы беруден бас тартқанын мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққы беру райынан қайтты. Ақ үй басшысы мұны Тегеранмен арадағы келіссөздерде ілгерілеу бар екенімен түсіндірді. Бұған қоса Трамп апта соңында бейбіт келісімге қол қойылуы…

· View post on margeleT

Qazaqstan.tv @qazaqstantv

🛴Самокат теберде қандай ережелерді есте сақтау керек? Самокат теберде те…

🛴Самокат теберде қандай ережелерді есте сақтау керек? Самокат теберде тек арнайы белгіленген жолмен жүрген жөн. Ал жолдан өтерде самокаттан түсіп, көліктердің тоқтағанына көз жеткізу қажет. Сондай-ақ екі адам бірге мінуіне болмайды. ❗️Жол ережелерін есте сақ…

· View post on margeleT

Qazaqstan.tv @qazaqstantv

🚩 Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеген қылмыстық схема анықталды Қаржылық…

🚩 Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеген қылмыстық схема анықталды Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдары шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алуға көмектескен қылмыстық схема жұмыс істеген. 🔹 Заңсыз әрекетке «Азаматтарға арналған…

· View post on margeleT

Aqorda 🇰🇿 @aqorda_resmi

🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы М…

🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге и…

· View post on margeleT