Qaz365.kz
@qaz365kz
❓МӘМС жүйесінде жоқ азаматтар енді тегін скринингтен өте алады Қазақстанд…
❓МӘМС жүйесінде жоқ азаматтар енді тегін скринингтен өте алады Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна төлемейтін азаматтар да тегін скрининг тексерулерінен өте алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Депутаттың айтуынша, бұған дейін МӘМС жарнасын төлемейтін азаматтар, соның ішінде жұмыссыздар скринингке қол жеткізе алмай келген. «МӘМС-те жоқ, жұмыссыздар және басқа да азаматтар осы скринингтен өте алмайтын. Неге? Өйткені МӘМС-ке жарнасын төлемейді. Өйткені жұмыссыз. Сондықтан біз бұл азаматтар үшін жақсы норма бердік. Бұл азаматтар да скринингтен өте алатын болады», — деді Аймағамбетов. Оның сөзінше, қабылданған заңға сәйкес скрининг мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің қатарына енгізілген. Енді азаматтар Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кесте бойынша жас ерекшелігіне қарай онкологиялық аурулар, АИТВ инфекциясы және басқа да дерттер бойынша тегін тексеруден өте алады. 👉Толығырақ: оқу үшін https://qaz365.kz/meditsina/18673-m-ms-zhuiesinde-zhok-azamattar-endi-tegin-skriningten-ote-alady
Fresh margeleT snapshot · Kazakhstan · Qaz365.kz · health / medicine · health. This page keeps context and source links for search engines and AI assistants.