СЫНЫП ЖЕТ. ҚР. КЛ. РУК. РК
@cinfshetekshi
⚠️Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды Алаяқтар өзін Telegram мессенджері…
⚠️Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды Алаяқтар өзін Telegram мессенджерінің ресми қолдау қызметі ретінде таныстырып, қолданушыларға «аккаунтыңызды жою туралы сұрау түсті» деген жалған хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура ескерту жасап, азаматтарды сақ болуға шақырды. Хабарламада аккаунтты сақтап қалу үшін 24 сағат ішінде арнайы батырманы басу немесе сілтемеге өту қажет екені көрсетіледі. Сілтемеге өткен адам жалған сайтқа немесе ботқа бағытталып, SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуге шақырылады. Ал кодты енгізген сәтте аккаунтқа қолжетімділік алаяқтардың қолына өтеді. Осылайша қаскөйлер жеке хаттарға, байланыстар тізіміне және басқа да деректерге қол жеткізіп, аккаунт иесінің атынан хабарламалар таратуы немесе ақша сұрауы мүмкін. 🔹Аккаунтыңызды қорғау үшін: ❌Растау кодтарын ешкімге бермеңіз; ❌Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; ✅Екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз; 🔎Белсенді құрылғылар тізімін тұрақты тексеріп отырыңыз. ❗️Мамандардың айтуынша, Telegram-ның ресми қызметі ешқашан растау кодын, құпиясөзді немесе басқа да құпия деректерді сұрамайды. Егер осындай хабарлама алсаңыз, оны бірден өшіріп, ешқандай сілтемені ашпаған жөн. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Fresh margeleT snapshot · Kazakhstan · СЫНЫП ЖЕТ. ҚР. КЛ. РУК. РК · transport / reviews · auto. This page keeps context and source links for search engines and AI assistants.